«Балалар туризм апталығына» 250-ден аса бала қатысты

23 Мамыр 2022, 14:30
2082
Бөлісу:
«Балалар туризм апталығына»  250-ден аса бала қатысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының маңызды функцияларының бірі - ішкі туризмді дамыту.  Осы бағытқа байланысты  – «Балалар туризм апталығы» ұйымдастырылды деп,- хабарлады басқармаға қарасты «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы.

Осы мақсатта, мамыр айының 16-20 жұлдызы күндері, жалпы саны 250-ден аса бала Шымкент қаласының туристік нысандарымен танысты.

Балалар мен жасөспірімдерге орталықтың гид-экскурсоводтарының жетекшілігімен әр нысанның мән-мазмұны туралы нақты деректер негізінде ақпараттар  берілді. Экскурсия бағдарламасының барысы тек ақпаратпен шектелмей, оқушылардың өзара достық қарым-қатынас орнатуларына да ықпал етті.

«Балалар туризм апталығына»  250-ден аса бала қатысты

Барлығымыз үшін ең қымбат естеліктер - ол бала кезіміздегі сәттер. Апталықтың басты мақсатының бірі – жасөспірімдерге әдемі саяхат ұйымдастыра отырып, өмір бойы жадында қалатын естеліктер сыйлау болатын. Сондықтан, бағдарламаға қаланың ең танымал туристік орындары біріктіріліп, апталық барысында 10-нан аса нысанға тегін экскурсия жүргізілді, - деді «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Умаров.

«Балалар туризм апталығына»  250-ден аса бала қатысты

Туризмді түлету - туған елді танудан басталады. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы алдағы уақытта балалар туризмін дамытуды аймақ, өңіраралық деңгейде өткізуді жоспарлауда.

Өзгелердің жаңалығы