Азаматтық қоғам – азаматтардың бірлігі

20 Қаңтар 2022, 16:01
2477
Бөлісу:
Азаматтық қоғам – азаматтардың бірлігі

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елдің уақыт талабына сай дамуы үшін алдымен азаматтардың белсенділігі мен біртұтастығы қажет. Бұл – Ақмола облысы Азаматтық альянсы өкілдерінің пікірі.

Президент бастамалары талқыланған жиында елімізде орын алған қайғылы оқиғалардыңсебептерін талдау, жағдайды түзету жолдары талқыланды.

Мемлекет басшысыалға қойған мақсаттарғақол жеткізу үшінресурстарымызды біріктіру, яғни осында жиналғансаяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардыңкөшбасшылары мүдделерін білдіретін халықтың түрлітоптарын біріктіруге жәрдемдесу маңызды, – дейді «Мирас» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі РусланЖүзенов.

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің проректоры, тарих ғылымдарының кандидатыАрдақ Қапышев еліміздегі соңғы орын алған жағдайға құқықтық баға берілгенге дейінүзілді-кесілді мәлімдемелерден, түпкілікті тұжырымдардан сақтану керектігін алға тартты.

Ел Президенті жақын арадашешімін күтетін бірқатар проблемаларға назар аударды. Соның ішінде мемлекеттіңтәуелсіздігін сақтаудың негізі болып табылатынұлттық қауіпсіздіктің бүкіл жүйесін түбегейліқайта құру. Мемлекеттікқолдау шараларының тиімділігі мен қолжетімділігі ерекше назарда. Жастар арасында өсіп келе жатқанжұмыссыздық алаңдататын мәселелердің бірі. Жалпы, елімізде жастар халықтың20,2% - ынқұрайды. Бұл шамамен 3 млн800 мың адам. Олардың 56%-ы қалалық жерлерде, 44%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Жастардың басым бөлігі Түркістан, Алматыоблыстарында және Алматы қаласында тұрады. Жұмыссыздардың дені жастар. 14-29 жас аралығындағы ақмолалықтаршамамен 153 мың. Осы орайда алдымен жастардың жұмыспенқамтылуын арттыру бойынша жұмысты күшейтіп, өңірлік бағдарламаларқұруымыз керек - деп пікір білдірді Ардақ Қайыржанұлы.

Ақмола облысының кәсіподақ орталығының төрағасы Қали Рахметов Президентбаяндамасында көтерілген қоғамның ішкі проблемаларына назар аударды.

Лайықты жалақыалатын, әлемнің кез келген еліндеқолайлы жағдайда өмір сүретін адамдартұрақтылықтың тірегі болып табылады. Еңбекақытөлеу мәселелері қазір әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекстің, билік пен халықарасындағы жаңа қоғамдық шарттың негізінежатқызылуы тиіс. Ең төменгі жалақыныкөтеру, барлық проблемаларды шешпейді. Қалай болғанда даеңбекті бағалау жүйесін өзгерту керек, - дейді Қали Рахметов.

Азаматтық сектор өкілдері ауылдағы қордаланған мәселелерді де алға тартты.

Жасырары жоқ, ауылдарда серіктестіктер тарап, алынғанжер пайларын қайтасатты, несие алуүшін кепіл ретіндересімдеді. Басты себеп – ауыл тұрғындарының құқықтық сауатсыздығы. Көпшілігінің қолында келісімшарттар жоқ, өйткені тұрғындар оны талап етпеген. 2021 жылы ҚХП парламенттікфракциясының мүшелері кемінде 80 сауалжолдаған. Олардың  дені жалақыны көтеру, жер пайлары, қолжетімдіжәне сапалы білімберу сияқты өзекті мәселелерге қатысты болды. Егеролардың көпшілігі бойынша тиісті заң шығару органдары жедел шешім қабылдағанда көптеген проблемалар шешілу сатысында болареді. Елдің уақыт талабына сай дамуы үшін алдымен азаматтардың белсенділігі мен біртұтастығы қажет, – дейді «Қазақстанның Халық партиясы» ҚБ облыстық филиалының төрайымы Лариса Луговская.

Өзгелердің жаңалығы