Аймағамбетов халықаралық зерттеумен таныстырды
14 Мамыр, 12:23 623

Аймағамбетов халықаралық зерттеумен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram арнасында оқырманын ЭЫДҰ мен ЮНИСЕФ-тің бірлескен талдауымен таныстырды.  

Сіздерді білім саласындағы қызықты және маңызды зерттеулермен таныстыруды жалғастырамын. Бұл жолғы талдау - ЭЫДҰ мен ЮНИСЕФ-тің бірлескен талдауы. PISA-2018 нәтижелері бойынша Шығыс Европа мен Орталық Азиядағы білім сапасы туралы көптеген пайдалы ақпарат бар. Талдау жаңа, 2021 жылғы. Төмендегі графиктер педагогикалық білім мен мұғалім мамандығын дамыту бойынша қабылданған шешімдердің дәлелдер базсын толықтырады, – деп жазды министр.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістерді не үшін енгізілгенінің жауабын төменде ұсынылған графиктерден көруге болатынын айтты.

 

Графиктер – бұл «Педагог мәртебесі туралы» заң не үшін қажет болғаны, педагог мамандығына түсу үшін шекті балды күрт көтерудің, мұғалімдерді аттестациялау мен тестілеудің жаңа жүйесін енгізу мен оны жетілдірудің себебі, сондай-ақ неліктен мамандыққа жіберу үшін дипломы бар университет түлектеріне емтихан тапсырудың, жұмысқа орналасудың конкурсық жүйесін енгізудің және т.б. жауабы. Деректер қолайсыз, бірақ енгізіліп жатқан қажетті шаралардың маңыздылығын растайды, – деді ол. 


Фото: дереккөз
Загрузка...