Ауғанстан халқын гуманитарлық дағдарыста қалдырмауымыз керек – Тоқаев

27 Қаңтар 2022, 18:21
1391
Бөлісу:
Ауғанстан халқын гуманитарлық дағдарыста қалдырмауымыз керек – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» саммитінде айтты. 

Биыл АӨСШК-нің мерейтойлық отырысы өтеді. Осы орайда Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиды Қазақстан астанасында көремін деп ойлаймын. Форум аясында талқыланатын мәселелердің күн тәртібінде Ауғанстандағы проблема да болады. Біздің саяси ұстанымымыз бен жеке қызығушылықтарымызға қарамастан Ауғанстан мен оның халқын гуманитарлық дағдарыста қалдырмауымыз керек, - деді Тоқаев. 

Президент атағандай, Қазақстан Ауғанстамен өзара байланысын одан әрі жалғастырып жатыр. 

Оларға азық-түлік, медицина бұйымдары мен алғашқы қажеттіліктегі тауарлары сынды материалдық көмек көрсетіп тұрамыз. Қауіпсіз әрі тұрақты Ауғанстан Орталық Азияның сауда-экономикалық және орнықты дамуына оң әсерін береді, - деді Мемлекет басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы