Атырауда «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

23 Қаңтар 2022, 19:27
2069
Бөлісу:
Атырауда «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20-29 қаңтар күндері қала аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді.        

Іс-шара барысында ІІО-ның есептерінде тұрған балалар, мектеп оқушылары мен  оқу орындары  жастары арасында профилактикалық жұмыстар  жүргізіліп, құқық бұзушылықтар жасауға бейім жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандар тобын, балаларды құқық бұзушылықтар жасауға тартатын ересек адамдарды, сондай-ақ айналымына тыйым салынған басқа да заттарды алып жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау жұмыстары жүргізіледі.

Шара барысында кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстары жан-жақты жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы