АШМ елдегі эпизоотиялық жағдайдың тұрақты екенін айтты

25 Мамыр 2022, 13:10
953
Бөлісу:
АШМ елдегі эпизоотиялық жағдайдың тұрақты екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола және Павлодар облыстарында үй жануарларына жасалғанзертханалық зерттеулер кезінде парагрипп-3, нодулярлық дерматит, контагиозды плевропневмония, пастереллез, вирустық диарея және аусыл сияқты аурулар анықталған жоқ.

Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

 ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы 2022 жылғы 14 қаңтарда Қарағанды облысында аусыл ошағын тіркеді. Көп ұзамай Шет ауданы Киікті ауылдық округі әкімінің шешімімен шаруа қожалығына карантин қойылып, байланыста болған барлық жануарлар жойылды, сондай-ақ дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жануарлардың денсаулығын қорғау жөніндегі дүниежүзілік ұйымға аусыл ауруы туралы дереу хабарлады.

Осыған байланысты Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын қорғау ұйымы вакцинациясыз аусыл бойынша салауаттылық мәртебесін тоқтатты, ал импорттаушы елдер (Ресей, Қытай, Белоруссия және т.б.) Қазақстаннан тірі жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты экспорттауға қатысты шектеу шараларын енгізді, бұл қазақстандық экспорттаушылардың мүдделік қолдауының (лобби) жоқтығын көрсетті. 

Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметі ауыл шаруашылығы құрылымдарының ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесіп, аусыл бойынша жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізді.

Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметінің хаттарына сәйкес биыл сәуір айынан бастап Қазақстан аумағынан тағамдық коллаген өндіру үшін ІҚМ терілерін және әкелуге рұқсат етілді.

Сонымен қатар Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті эпизоотиялық саулықты сақтау үшін Қазақстанның орталық аймағында ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау туралы шешім қабылдады, бұл туралы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын қорғау ұйымын хабарлады.

Айта кету керек, жануарлар ауруы туралы күдік туындаған әр жағдай кезінде ветеринарлық қызметтер аккредиттелген зертханаларда зерттелетін биологиялық материалдың сынамаларын алады.

Ақмола және Павлодар облыстарынан келген ауру жануарларды зертханалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес инфекциялық ринотрахеит орнатылды. Нәтижесінде шектеу іс-шаралары енгізіліп, қазір қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Зерттеулердің нәтижесінде парагрипп-3, нодулярлық дерматит, аусыл, контагиозды плевропневмония, пастереллез және вирустық диарея сияқты аурулар анықталмады. 

Жалпы, елімізде аусыл бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Өзгелердің жаңалығы