Ақтаулық еріктілер ерекше жобаны іске асырды

20 Мамыр 2022, 12:15
1556
Бөлісу:
Ақтаулық еріктілер ерекше жобаны іске асырды

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі Ақтауда алғашқы рет проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға беріледі. 

Жолға орнатылған құрылғының басты ерекшелігі – проектор жарығы жерге түскенде жолдан өткен адам жүргізушіге галаграмма сияқты көрінеді. Көлік жүргізушісі жолдағы адамды 50 метр қашықтықтан байқайды. Былай күндері қар мен жауыннан жүргіншілер жолағы көрінбей қалатын. Енді олай болмайды. Өйткені проектор жарығы жолды қандай жағдайда да айқын көрсетіп тұрады.

Проектор Ақтаудың негізгі көшесіне, яғни 12-ші және 14-ші шағынаудандар арасындағы жолға қойылған. Әзірге жалғыз. Ал еліміз бойынша бұл – төртінші. Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды көшелеріне ғана орнатылған. 

Жобаны ақтаулық еріктілер іске асырған. 

Қаланың негізгі көшесі болғанымен жол бойында жарық аз. Салдарынан жол апаты дәл осы тұста жиі болады. Әсіресе түнде. Сондықтан түнгі мезгілде жолға жарықты мол түсіру арқылы көлік апатының алдын алып, тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз еткіміз келді, – дейді ақтаулық ерікті Бағила Қосыбаева. 

Жоба құны 5 миллион екі жүз мың теңге. Бұған Ақтаудағы құрылыс компаниялары мен түрлі кәсіпкерлер қол ұшын созған. Ал негізінен бас болып, ынта білдірген тұрғындар мен Ақтау қаласының ЛП-11 еріктілер тобы .

Өзгелердің жаңалығы