АҚШ Еуропаға 8 мың сарбазын аттандырады

25 Қаңтар 2022, 08:55
1777
Бөлісу:
АҚШ Еуропаға 8 мың сарбазын аттандырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Еуропаға 8 мыңнан астам сарбазын аттандырады. Бұл Украинаға қатысты жайт. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.

Тек бұл НАТО өзінің жедел әрекет ету күштерін әзірлей бастаса ғана жүзеге аспақ. 

Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Джон Кирби мәлімдеді. Айтуынша, бұл күштер Альянстың шығыс қапталына барады. Ал Украина қорғаныс министрі Алексей Резников «қазір Ресейден қауіп жоқ» деп жайбарақат отыр. 

Яғни басып кіретіндей ештеңе байқалмайды. Украина шекарасы маңында Ресейдің соққы беретіндей әскері де жоқ. Ал НАТО басшысы Йенс Столтенберг одақ қазір Шығыс Еуропада қосымша күш орналастыруды қарастырып жатқанын, бірақ Ресеймен диалог жалғастырыла беретінін жеткізді.  

Біз альянстың шығыс бөлігінде күшімізді нығайтып, қосымша әскер орналастыруды қарастырып жатырмыз. Күшті нығайту тепе-тең дәрежеде жүзеге асырылады. Және біздің халықаралық міндеттерімізге сай келеді. Бірақ НАТО Ресеймен диалогты жалғастыруға дайын, - дейді НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.

Өзгелердің жаңалығы