Ақмола облысында 37 жастағы әйел 5-қабаттан құлап көз жұмды

24 Мамыр 2022, 21:45
1207
Бөлісу:
Ақмола облысында 37 жастағы әйел 5-қабаттан құлап көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, мерт болды, – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қайғылы жағдай 23 мамырда болған.

Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, көз жұмды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деді ведомство.

Өзгелердің жаңалығы