Ақмола әкімі Ерейментаудағы спорт кешені биыл аяқталатынын айтты

27 Маусым 2022, 15:47
1286
Бөлісу:
Ақмола әкімі Ерейментаудағы спорт кешені биыл аяқталатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Ерейментаудағы спорт кешенінің құрылысы жақын арада аяқталатынына уәде берді.

Еске салсақ, Ерейментаудағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысының басталғанына 3 жылдан асып, сақалды құрылысқа айналып үлгерген еді.

Расында, Ерейментау  қаласындағы спорт кешенінің жұмысы ұзаққа созылып кетті. 2018 жылы бастау алған еді. Біріншіден жобаның сметалық құжаттары дұрыс болған жоқ. Екіншіден, осы уақытқа дейін 2-3 мердігер ауысты. Қазіргі таңда жұмыс жақсы жүріп жатыр. Осы жылы бұл нысанды тапсырамыз, – деді ол «Мемлекет басшының тапсырмалары аясында Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Ермек Маржықпаев өз баяндамасында Бурабай ауданының Мәдениет және Жақсы ауданының ауылды  мекендерінде спорт кешендері салынып жатқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы