ӘҚК әскери институтының түлектері алғашқы ұшуларын орындады
27 Қаңтар, 21:23 627

ӘҚК әскери институтының түлектері алғашқы ұшуларын орындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлектері лейтенант Мирас Қайдаров пен Әнуар Сахи ЕС-145 (Еврокоптер) тікұшағымен алғашқы ұшуларын орындады. Ол кезде шеңбер және маршрут бойынша ұшу, қонуды пысықтады. Жас ұшқыштар институт қабырғасында Ми-8 тікұшағымен 30 сағаттан астам ұшуды орындағын. Енді олар елордалық авиациялық базадағы тікұшақтардың жаңа түрлерін меңгеруі керек, – делінген баспасөз хабарламасында.


Фото: дереккөз
Загрузка...