Алматының құрылыс базарында ірі өрт болды

3 Шілде 2022, 01:26
832
Бөлісу:
Алматының  құрылыс базарында ірі өрт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ, Алматының  құрылыс базарында ірі өрт болды.

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің  баспасөз қызметі хабарлайды.

3 шілдеде сағат 3.10-да Алматы ТЖД күштері  Алатау ауданындағы"Бакорда" базарының аумағында орналасқан құрылыс базарындағы өрт туралы хабарламаға шақыру бойынша жіберілді. 3.18-де келгенде, сауда орталығының ғимараты маңындағы құрылыс базарының аумағында ашық оттың жануы байқалды, - делінген хабарламада.

Атап өтілгендей, жоғары жылу сәулесінің әсерінен өрт көрші ағаш қатарларға түсіп кейін қасында салынып жатқан сауда орталығының ғимаратына таралу салдарынан туындаған.

Өрт орнына жедел штаб жұмысы  іске қосылып, өнімділігі жоғары оқпандар енгізілңп, өрт автопоезі іске қосылды. Ұйінділерді жылжыту үшін құтқару қызметінің ауыр шынжыр табанды техникасы тартылды. Өртті сөндіруге 21 техника мен жеке құрамнан 64 адам жұмылдырылды. Қабылданған жедел шаралар арқылы өрт 4.04 сағат ішінде ауыздықталып, жалпы ауданы 2 мың шаршы метр болатын жердегі өрт 6.35 -те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, - деп толықтырды ТЖД.

Өзгелердің жаңалығы