Алматының Наурызбай ауданында отбасылық саябақ салынады

10 Тамыз 2022, 12:30
1411
Бөлісу:
Алматының Наурызбай ауданында отбасылық саябақ салынады

Наурызбай ауданында отбасылық саябақ, ДСК, теннис орталығы және өрт сөндіру депосы салынады. Бұл туралы аталған ауданның әкімі Санжар Тоғайы ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, аудандағы қоғамдық кеңістіктердің саны маңызды болып қала береді. Сондықтан осы жылдың көктемінде «Әлем парк» отбасылық паркінің құрылысы басталған. 2023 жылы Шұғыла және Ақжар шағын аудандарында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Шұғыла шағын ауданында Сәбденов көшесіндегі 15 гектар жер учаскесінде келесі жылы мектеп, балабақша, 500 келушіге арналған емхана, 100 келушіге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені, теннис орталығы мен өрт сөндіру депосының құрылысы жоспарлануда, - деді Санжар Тоғай.

Осы жылы Ақжар және Қалқаман шағын аудандарында екі парктің құрылысы, балалардың ойын және спорт алаңдарын орнатуды, абаттандыру элементтерін, сыртқы жарықтандыруды, үш жаяу – серуендеу аймағын абаттандыруды көздейтін 4 жеке учаскені абаттандыру жүргізілуде.

Өткен жылы Наурызбай ауданында 30 қоғамдық кеңістік құрылды, оның ішінде 16 балалар ойын және 12 спорт, 3 скейт, 3 баскетбол және екі футбол алаңы салынды, екі жаяу серуендеу аймағы жайластырылды, – деді аудан әкімі.

Өзгелердің жаңалығы