Алматыда құнды жәдігерлер музейге тапсырылды

21 Мамыр 2022, 08:25
2129
Бөлісу:
Алматыда құнды жәдігерлер музейге тапсырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біздің дәуірімізге дейінгі 5-2 ғасырларға тиесілі бірегей жәдігерлер Республикалық орталық мемлекеттік музейге тапсырылды, деп хабарлады 24.kz.

Мұнда бұған дейін де көне заманның ең құнды олжалары, Қарғалыдан табылған дүниелер де сақталған. Қарғалы сонау 1939 жылы ашылған. Бірақ оны кезінде сол ауылдың тұрғыны Николай Есипов археологтарға нақты көрсете алмаған. Көне қорымды кейінірек Марғұлан атындағы институттың археологтары 2018-2020 жылдар аралығында жүргізген зерттеу жұмыстары кезінде тапты. 

Енді тарихи маңызы бар қазбаның барлық жәдігерлері бір орталықта болады. Дегенмен, сол кезеңнің тарихындағы ақтаңдақтарды анықтау үшін әлі де көп зерттеулер қажет. 

Бұл көмбенің табылған орны көп нәрседен хабар береді, сондықтан да сол көмбенің нақты орны екенін дәлелдейтін артефакттармен бірге алтын әшекейлерімен бірге бұрынғы сол орталық музейде сақталып жатқан үлкен фондындағы сол жәдігерлермен бірге өткізіп отырған жайымыз бар. Яғни барлық коллекция бір жерде сақталсын, бір бірін толықтырсын деген ниетпен. Әрі қарай толықтай зерттеу жұмыстарын жасау керек болады әлі де, – деді Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры Ақан Оңғарұлы.

Өзгелердің жаңалығы