Алматыда қару қабылдау науқаны басталды

17 Қаңтар 2022, 15:58
1195
Бөлісу:
Алматыда қару қабылдау науқаны басталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Полиция департаменті заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды жақын жердегі полиция басқармасына өз еркімен тапсыруға мүмкіндік берілгенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, ҚР ҚПК-нің 287 бабына сәйкес-қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат білетін болсаңыз, «102» пультіне хабарласуыңызды сұраймыз, анонимділікке кепілдік беріледі.

Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен бермеген азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз,-делінген хабарламада.  

Сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-747-333-91-60; 8-777-346-44-77.

Өзгелердің жаңалығы