Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның 400 мыңдай дозасы бар

24 Қаңтар 2022, 11:48
1311
Бөлісу:
Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның 400 мыңдай дозасы бар

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы стационарларда 1 574 науқас ем алып жатыр, олардың 189-ы балалар. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында айтты.

 

Оның айтуынша, ем алып жатқан науқастардың 42-нің жағдайы өте ауыр, 274-де ауыр, 1 198 науқастың сырқаты орташа. 

Қаңтардың 1-20 аралығында 3 272 бала ауруханаға жүгінген. Олардың 1535-і ауруханаға жатқызылды, соның ішінде 346 бала коронавирус бойынша түсті. Сондай-ақ осы аралықта коронавирус жұқтырған 318 жүкті әйел ауруханаға жүгінді. Олардың 102-і қазір ауруханада жатыр,-деді басқарма басшысы.

 

Қаладағы ауруханаларда коронавиурспен түсетіндерді қабылдау үшін 9 340 төсек орын жасақталған, 6030 орын резервте тұр. 

 

Сондай-ақ ол қала тұрғындарына вакцина салу жұмыстары жалғасып жатқанын және вакцинаның қоры жеткілікті екенін айтты.

 

Осы уақытқа дейін 1 млн 99 187 адам вакцина алған. Ал, ревакцинаны 1 16853 адам жасады. Қалада вакцина қоры жетерлік, атап айтсақ 400 мыңнан астам вакцина дозасы бар. Жақында «Спутник Лайттың» 12 мың дозасын алдық, бүгіннен бастап оны қолданамыз. Жалпы қала тұрғындарында вакцина алу бойынша таңдау бар,-деді Табынбаев.

Өзгелердің жаңалығы