Әкімдік елорда жастарын жұмысқа шақырады

14 Мамыр 2022, 15:52
1475
Бөлісу:
Әкімдік елорда жастарын жұмысқа шақырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14-29 жас аралығындағы елордалық жастарды «Jasyl el» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының қатарына жұмысқа шақырады, деп хабарлайды қала әкімдігі. 

«Жасыл ел» жобасында жұмысқа бірінші кезекте көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жұмыссыз жастар қабылданады. «Жасыл ел» штабының атынан айына 64 564 теңге көлемінде тегін киім мен жалақы беріледі.

Жұмыс 1-30 маусым аралығында жалғасады. Қызметкерлер аптасына бес күн, күніне төрт сағаттан жұмыс істейді. Өтініштер 16-20 мамыр аралығында қабылданады. 

Орындар саны шектеулі. Оқушылардың құжаттарын олар оқитын оқу орындарында «Жасыл ел» жобасына жауапты қызметкер қабылдайды, – деп нақтылады елорда әкімшілігінде. 

Кандидаттарға келесі құжаттарды ұсыну қажет: жеке куәліктің немесе туу туралы куәліктің көшірмесі, баланың заңды өкілінің (шот иесінің) жеке куәлігінің көшірмесі, 20 таңбалы нөмірі бар шоттың болуы туралы анықтама (тек Kaspi bank), әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат (көп балалы отбасы туралы куәлік, аз қамтылған отбасыларға арналған АӘК туралы анықтама), баланың және заңды өкілінің өтініші (өтініш тапсырылған жерде толтырылады). 

Сондай-ақ әкімдікте биыл жыл сайынғы квоталардан басқа 14-тен 29 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қосымша квоталар бөлінгенін айтты. Осы санаттағы жастар үшін: тегін форма, ай сайын 64 564 теңге мөлшерінде жалақы, алты айға дейінгі мерзімге жұмысқа орналасу мүмкіндігі, жұмыс орнына, кестесіне, мерзіміне, шарттарына және ұсыныстарына байланысты барлық мәселелер бойынша мына телефон нөмірлері арқылы байланысып, кеңес алуға болады: +7 707 860 51 11, +7 775 331 32

Өзгелердің жаңалығы