Африкада 18 млн тұрғынның аш қалу қаупі бар

21 Мамыр 2022, 11:22
1611
Бөлісу:
Африкада 18 млн тұрғынның аш қалу қаупі бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы 3 айда Африканың батысындағы Сахель өңірінде тұратын 18 миллион адам азық-түлік тапшылығын сезінуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». 

БҰҰ-ның өкілдері осылай деп дабыл қағып отыр. Мамандар соның ішінде, әсіресе, Буркина-Фасо, Чад, Нигер мен Малидегі ахуал алаңдатып отырғанын айтады. Оған климаттың өзгеруі себеп. 

Сондай-ақ жағдайға Украинадағы шиеленіс те әсер еткен. Өйткені Украина мен Ресей ірі астық экспорттаушы елдер. Екі ел арасындағы әскери қақтығысқа байланысты астық тасымалы іркіліп, азық-түлік бағасы өскен. 

БҰҰ сарапшыларының айтуынша, енді үй-жайын тастап, басқа елдерге бас сауғалаған босқындар саны артуы мүмкін.
 

Өзгелердің жаңалығы