222 мыңнан астам астаналық тұрғын жол ақысын төлемеген

20 Қаңтар 2022, 22:03
1173
Бөлісу:
222 мыңнан астам астаналық тұрғын жол ақысын төлемеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктерінде өткен жылы жол ақысын төлемеген 222 мыңнан астам адам анықталды. Бұл жайында «City Transportation Systems» компаниясынан мәлім етті.

Аталған деректерді қалалық Көліктік бақылау департаменті Facebook-парақшасында жариялады.

Компания мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысында Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 222 415 фактісін анықтады. Оның ішінде 9 900 жолаушы ҚР ӘҚБтК-нің 622-бабының 2-бөлігі бойынша 57 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, таратылған ақпаратта Көліктік бақылау департаменті қоғамдық көлік жүргізушілерінің аялдама пунктіне кірмеуіне, қозғалыс аралығын сақтамауына, қозғалыс сызбасын өзгертуіне және тағы да басқа жайттарға мониторинг жүргізетіндігі айтылған.

Өзгелердің жаңалығы