Індеттің күрт өсуі байқалып отыр – Мониторинг тобы

14 Наурыз 2021, 14:35
1340
Бөлісу:
Індеттің күрт өсуі байқалып отыр – Мониторинг тобы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы Республикалық арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов кәсіпкерлік субъектілерін қызметкерлер мен келушілердің денсаулығы үшін жауапкершілікті арттыруға шақырды.

Карантин талаптарын жиі бұзатындар және мемлекеттің барлық қаулысы мен талабын қасақана бұзатын  адамдарды, егер ол бизнес субъектісі болса, онда көптеген келушілер мен өз қызметкелері үшін жауап береді, - деді ол брифингте.

Гасанов кәсіпкерлер мен қала тұрғындарын жауапкершілікті сезінуге және өз денсаулығына, сондай-ақ айналасындағыларға қамқорлық жасауға шақырды.

Өздеріңіз білетіндей, қазір күрт өсу байқалып отыр. Алматы бойынша тек бүгіннің өзінде 360 адам КВИ жұқтырған. «Қызыл аймақта» тұрмыз. Егер барлық санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтамайтын адамдардың жауапсыз әрекеттері жалғаса берсе, жағдай одан сайын күрделене түседі. Рестораторлардан және кәсіпкерлерден мейрамханаларды ғана емес, сонымен қатар сауда орталықтарын, базарларда мүмкіндігінше жауапкершілікті болуды талап етемін. Себебі егер жауапкершілік болмаса, онда қала былтырғыдай мүлдем жабылады, - деп түсіндірді ол.

Сондықтан осыған жол бермеу үшін алматылықтар мен қала қонақтарынан санитарлық ережелерді қатаң сақтауды сұрады.

Соңғы 7 күнде ауру деңгейі 61,2 құрады, репродуктивті саны R - 1,3. Өткен тәулікте КВИ-мен 360 жағдай тіркелді.

Алматылықтарды туыстары мен жақындарының өмірі мен денсаулықтарын сақтап қалу үшін адамдар шоғырланатын шаралардан аулақ болуға, мүмкіндігінше қоғамдық  орындардан бас тартуға, санитарлық нормалардың сақталуын күшейтуге шақырады.

Еске сала кетейік, пандемияның барлық кезеңінде 4 188 тексеру іс-шаралары жүргізілді, 22 400 объектілер қамтылды, карантиндік шараларды бұзған 4 994 объекті анықталды.  Былтырдан бері карантин режимін сақтамаған 40 нысан жұмысын тоқтатты.


Өзгелердің жаңалығы