Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 тамызда елімізде коронавирус инфекциясының белгісі бар 971 пневмонияға шалдыққан науқас тіркелді, деп хабарлады coronavirus2020.kz.
16 тамызда тіркелген коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 971 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан бері тіркелген мәлімет бойынша, ауырғандар саны - 18 465, аурудан көз жұмғандар саны - 216, - делінген хабарламада.Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 19 741 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 109 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 289 науқас жатыр. 16 452 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 401 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 105 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 77 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады, - делінген ақпаратта.