Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 21 наурыздағы ақпаратты COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жариялады.
21 наурыздағы мәлімет бойынша 6 753 адам коронавирус инфекциясынан (5 696 КВИ+ және 1 057 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
611 пациент стационарда,
6 142 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
55 адамның жағдайы ауыр,
21 пациенттің жағдайы өте ауыр,
10 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2022 жылғы 21 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:
«Қызыл» аймақта:
«Сары» аймақта:
«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.