8 Наурыз 2021 2021, 09:10
8 Наурыз 2021 2021, 09:10
1693
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 8 наурыздағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды.
8 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 838 адам короновирус инфекциясынан (13 712 КВИ+ және 5 126 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 556 пациент стационарда, 14 282 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 238 адамның жағдайы ауыр;
• 60 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек бойынша 2021 жылғы 6 наурыздағы мәлімет бойынша 17 жағдай тіркеліп, 4 жағдай өліммен аяқталған. 195 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 49 573, өлім жағдайлары - 644, барлығы 43 803 адам сауығып шықты.