Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелгені жайлы хабарлады.
Коронавирус инфекциясы табылған адам Ресей Федерациясында жұмыс істейтін 1995 жылғы Түркістан облысының тұрғыны. Ресей Федерациясымен шекарадағы Сырым автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде денсаулыққа шағымы болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, бұл азамат карантиндік стационарға жатқызылды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы қойылып, жұқпалы аурулар стационарына орналастырылды - делінген хабарламада.
Азаматпен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошағында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.
Қазіргі жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 194 адам тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны — 36.