Индер ауданындағы қауіпті аймақтарда ахуал тұрақты

19 Мамыр 2024, 13:17
484
Бөлісу:
Индер ауданындағы қауіпті аймақтарда ахуал тұрақты

Индер ауданындағы қауіпті аймақтарда ахуал тұрақты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

19 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Индер ауданында қауіпті аумақ болып саналатын Жарсуат пен Құрылыс ауылдарында Жайық суы бөгетке келіп тұр.

Алайда, бөгеттердің жарылып, су кету деректері тіркелмеді. Дегенмен, қауіпті аймақта тұрған аталған ауылдарда әскери қызметкерлер мен ТЖД мамандарын қоса алғанда, 186 адам жағалауда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Және 5 ауыр техника бар.

Айта кетелік, Жарсуатта 6,9 шақырым, Құрылыс ауылында 5,6 шақырым бөгет соғылды.

Өзгелердің жаңалығы