Иммунизация миллиондаған адамның өмірін құтқарады – эпидемиолог

13 Мамыр 2021, 19:57
2425
Бөлісу:
Иммунизация миллиондаған адамның өмірін құтқарады – эпидемиолог

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде елімізде басқа аумақтардан келгендерді 12 инфекцияға қарсы тегін вакцинациялау жүргізілуде. Бұл дифтерия, сіреспе, көкжөтел секілді түрлі аурулардан сақтайды.

Нұр-Сұлтан қаласының ССКД инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ақмарал Мейірманова иммундаудың маңыздылығы мен оның пайдасы туралы айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында жұқпалы ауруларды жою және азайту халықты, ең алдымен балаларды жоспарлы вакцинациялау нәтижесінде орын алды, дейді маман.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен, ДДСҰ стандарттарына сәйкес келетін халықаралық сертификаттары бар, практикада сыналған вакциналарды қолданады.

Вакцинациядан кейінгі кезеңде асқынулар байқалмайды, кейде жекелеген вакцинацияларда пайда болатын жеңіл реакциялар аталмыш аурудың өзінен әлдеқайда жеңіл өтеді. Нұр-Сұлтан қаласында қызамық, сіреспе, полиомиелит, туляремия, құтыру аурулары тіркелмеген, ал дифтерия 15 жылдан астам уақыт бойы анықталған жоқ. Қызылша, көкжөтел және эпидемиялық паротит егілмеген жасөспірімдер мен ересектерде жекелеген жағдайлар түрінде тіркеледі, — дейді ол.

Алайда, халықтың қарқынды көші-қон процестерінің қазіргі жағдайында эндемиялық елдерден (Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан) жабайы полиомиелит вирусын, қызылша вирусын, пандемиялық тұмауды және басқа да жұқпалы аурулар қоздырғыштарын кез келген елге, оның ішінде Қазақстан Республикасына әкелу қаупі бар. Осыған байланысты эпидемиолог иммундау жыл сайын миллиондаған адамның өмірін сақтап қалатынын және бұл жетістікті нығайтып, қолдау керек екенін еске салды.

Соңғы 2-3 жылда иммунопрофилактиканың өзекті мәселелерінің бірі балаларда профилактикалық егуден бас тарту болып саналады: жеке сенімдері, вакциналарға деген сенімсіздік. Қазіргі уақытта өздері егілген көптеген жас аналар балаларына екпе салдырудан оңай бас тартады. «Егер бұл инфекциялар болмаса вакцинациялаудың қажеті қанша?» дегенге сілтеме жасайды. Яғни, біз жекелеген инфекцияларды жою ісінде өз жетістіктеріміздің құрбаны болдық. Интернеттегі, баспасөздегі жарнамалар және қоғамдық пікір вакцинация туралы теріс пікір қалыптастыруда рөл атқарады, — дейді ол.

Ол сондай-ақ ата-аналарға балаларын вакцинациясыз қалдырмау, олардың денсаулығына қауіп төндірмеу туралы өтінішін білдірді. Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда иммундаудың өзге баламасы жоқ.

Өзгелердің жаңалығы