Иммундау қарқыны бойынша біз едәуір қалыспыз - Президент

1 Сәуір 2021, 16:13
1947
Бөлісу:
Иммундау қарқыны бойынша біз едәуір қалыспыз - Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында айтты.

Пандемиямен күрестің тиімділігі - елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі элементтерінің біріне айналып отыр. Ең кемі, қысқа және орта мерзімде. Әлемдік қалпына келтіру өсімінің шетінде қалмау, аутсайдер елдер санатына жатпау өте маңызды, - деді ол.

Президент иммундау қарқыны бойынша Қазақстан көшбасшы мемлекеттерден едәуір артта қалғанын айтты.

Үкімет "Спутник V" вакцинасы бойынша уағдаластықтар мен отандық вакцинаны өндіру елдің вакцинацияға қажеттілігін толық қамтамасыз етеді деп сендірді. Осы ақпарат негізінде мен 1 ақпаннан бастап жаппай вакцинацияны жарияладым. Иммундау қарқыны бойынша біз көшбасшы мемлекеттерден едәуір артта қалып отырмыз. Бүгінгі таңда иммундау курсын 47 мыңға жуық адам аяқтады (бірінші компонентті – 137 346 адам). Бұл жағдайдың себебі қарапайым-вакциналардың болмауы, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы