Imanbek жаңа ремикс шығарды

22 Мамыр 2021, 12:28
2879
Бөлісу:
Imanbek жаңа ремикс шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық саунд-продюсер Иманбек Зейкенов Titans әніне жаңа ремикс жазды.

Ямайка-америкалық Major Lazer триосы мен австралиялық әнші Sia композициясы осы жылдың көктемінде жазылды. 21 мамырда қазақстандық Грэмми сыйлығының иегері жалынды тректің жаңартылған нұсқасын ұсынды.


Айта кетейік, Major Lazer триосы қазақстандық өнерпаздармен  алғаш рет жұмыс істеп отырған жоқ. 2017 жылы топ павлодарлық рэпер Әділ Жәлелов және Скриптонитпен бірге «Где твоя любовь?» атты ән жазған болатын.
Өзгелердің жаңалығы