Иманбек: Маған емес, Грэммиге ескерткіш орнатуды ұсынамын

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Ақсулық музыкант Иманбек Зейкенов ескерткіш орнатуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды&nbsp;Pavlodarnews.kz.</h4>

 26 Қыркүйек 2021 2021, 19:25
26 Қыркүйек 2021 2021, 19:25
1945

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақсулық музыкант Иманбек Зейкенов ескерткіш орнатуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Диджей әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирге шығып, өзіне ескерткіш орнатқалы жатқаны туралы қауесетті жоққа шығарды.

Айта кетейік, БАҚ-та Иманбекке ескерткіш орнатқалы жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Бір ай бұрын маған Ақсудағы саябақта немесе жағалауда Грэмми, сыйлығының мүсінін орнату туралы ұсыныс жасалды,- деді Иманбек Зейкенов.

Белгілі музыкант оған қарсылық білдірмеген.

Тілшілер сөзді бұрып жіберген. Енді адамдар мен өзіме ескерткіш орнатуды сұрады деп ойлауда. Мен ондай адам емеспін. Өзіңе ескерткіш орнатуды сұрау — нағыз бетсіздік деп санаймын, - деді музыкант.

Еске салайық, Иманбек Зейкенов 2021 жылдың наурыз айында «Roses» әніне жасаған ремиксі үшін әлемдік «Грэмми» сыйлығын жеңіп алды.
Ол ТМД елдері арасында бұл сыйлықты иеленген алғашқы адам.

Наверх