Иманғали Тасмағамбетовтың анасы қайтыс болды

21 Желтоқсан 2019, 13:13
7395
Бөлісу:
Иманғали Тасмағамбетовтың анасы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иманғали Тасмағамбетовтың анасы Ділдә Матайқызы Тасмағамбет келіні бүгін дүниеден өтті. Кезінде оның "Айналайындарым, менің" атты тәлім мен тәрбиеге, өсиет пен өнегеге толы кітабы жарыққа шыққан.

Е,  шырақтарым,  адамгершілік  –  "айналайын"  деген  сөзден  басталады.  О  баста  алған  мамандығым  әскери  дәрігер  болған  соң,  қазірде  жасым  жетпістен  асып,  ернімді  тұшытып  немере,  шөбере  сүйіп,  бір  қауым  елдің  ақылшы  анасына  айналған  шағымда  кешкен  ғұмыр,  сүрген  дәуренде  көрген  қызығым  мен  шыжығымды,  алған  тәрбиемді,  түйген  тәжірибемді,  ата-бабадан  қалған  өсиет-мұраны,  қоғамдық-саяси,  тарихи  һәм  өмірлік  көзқарастарды  өзімнің  отбасым,  ошақ  қасыммен  сабақтастыра  отырып,  жас  ұрпаққа  аманаттасам  деймін.  Әлгінде  айтқандай,  әркімнің  ниеті  өзінде  ғой.  Көкірек  көзі  барлар  тәлім  алып  үмітіне  –  сенім  жалғап, мақсатына  –  қанат  байлап  жатса  арман  не?  Бір  ғұмырда  жаманның  кесапатынан  жақсының  шарапатын  көп  көрген Ананың  айтар  сыры  мен  шертер  жыры  аз  дейсің  бе?  Осы еңбегімді  өздеріңмен  сырласу  кітабы  деп  қабылдарсыңдар  –  АЙНАЛАЙ-ЫНДАР!, - деген еді Ділдә Матайқызы өзінің "Айналайындарым менің" атты кітабында.
Ділдә Қоқанова 89 жасында қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы