«Ильза» дауылы Австралияның солтүстік-батыс жағасына жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Желдің қуаты 4-санатқа дейін күшейген. Ал екпіні кейбір жерде сағатына 270 шақырымнан асуы мүмкін, - дейді мамандар.
Әсіресе Порт-Хедләнд және Брум қалаларының тұрғындарына қиын соқпақ. Қазірдің өзінде 2 шаһардың арасындағы тасжол жабылды.
Сондай-ақ метеорологтар дауыл соңы жауын-шашын және тасқынға ұласатынын ескертті. Көптеген тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.