Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Илон Маск Twitter компаниясының жаңа қожайыны атанды

28 Қазан 2022, 12:21
1072
Бөлісу:

 Ол компанияны 44 миллиард долларға сатып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты әлеуметтік медиа компанияның бұрынғы басшысы Параг Агравал мен қаржы директоры Нед Сегал «Twitter»-дің Нью-Йорктегі кеңсесінен кетті. 

«Washington Post» газетінің хабарлауынша, Маск әйгілі компанияны өз иелігіне алғаннан кейін оның қызметкерлерінің 75 пайызын қысқартуды жоспарлап отыр.

 Айта кетсек, «Twitter»-де 7,5 мыңдай адам жұмыс істейді. Енді солардың саны 2 мыңға дейін азаюы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы