Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Илон Масктің компаниясы негізгі инженерлік әзірлемелер бойынша Toyota және VW сынды бәсекелестерінен кем дегенде 6 жылға алда келеді, деп хабарлады Business Insider.
Америкалық Tesla брендінің басшысы Илон Маск егер қызметке ақша төлеушілер дайын болса, оның компаниясы басқа брендтерге технологияларын бөлісуге дайын екенін айтты.
Атап айтқанда, кәсіпкер компания лицензия бойынша өзінің электр моторларымен, аккумуляторларымен және бағдарламалық қамтамасыз етумен бөлісе алатынын атап өтті. Сонымен қатар, тізімге автопилот технологиясы да енді.
Біз электр көлігінің тез таралуына мүдделіміз. Біз бәсекелестерді емес, электрлендіруді тездеткіміз келеді, - деді Маск өзінің Тwitter-інде.