Илон Маск Starship зымыранын тағы да ұшырмақ

22 Сәуір 2023, 13:41
771
Бөлісу:
Илон Маск Starship зымыранын тағы да ұшырмақ
Фото: ВКонтакте

Илон Маск Twitter-де SpaceX бір-екі айдан кейін Starship-ті қайта ұшыратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бір-екі айдан кейін біз Starship-ті қайтадан ұшыруға дайын боламыз, - деді Маск әлеуметтік желі қолданушыларының біріне жауап бере отырып.

Starship - бұл бұрын-соңды болмаған ең қуатты ғарыш кемесі. Болашақта ол Марс пен Айға адамдарды тасымалдау үшін пайдаланылуы ықтимал.

Кеше SpaceX-тің прототипі Starship зымыраны ұшу кезінде жарылып кеткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы