Илон Маск екі айда 148 млрд долларынан айырылды

25 Наурыз 2025, 10:32
898
Бөлісу:
Илон Маск екі айда 148 млрд долларынан айырылды
Фото: Instagram/elonrmuskk

Америкалық кәсіпкер Илон Маск президент Дональд Трамптың кеңесшісі болған екі айда 148 миллиард долларынан айырылды. Бұл туралы BAQ.KZ Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дегенмен ол әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде бірінші орыннан түскен жоқ.

Масктың байлығы қазір 321 миллиард долларды құрайды. Дегенмен, ол жылдам азайып барады. Оның басты себебі – президент Дональд Трамптың инаугурациясынан кейін Tesla-ның акциясы 40%-дан астам құлдырады.

Басылымның мәліметінше, Маск өзін бюрократиямен күресуші ретінде көрсету арқылы өзіне және компаниясына үлкен нұқсан келтірді.

Tesla ақпан айында 43 650 көлік сатқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға төмендеген. Еуропада соңғы уақытта сатылым 75%-ға төмендегені хабарланды. Сонымен қатар, агрессивті белсенділер Tesla көліктерін өртеп, түрлі акциялар өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы