Илон Маск дүкенге тамаққа жұмсауға болатын робот жасап шығарады

2 Қазан 2022, 17:38
998
Бөлісу:
Илон Маск дүкенге тамаққа жұмсауға болатын робот жасап шығарады

Америкалық Tesla электромобильдер өндіретін Илон Маск Optimus деп аталатын адам тәрізді роботтың үлгісін таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Маск таныстырған бейнероликтегі робот қораптарды тасып, гүл суарған. 

 Tesla басшысы Optimus-ты әлі де жетілдіріп, жұмыс істейтінін айтты. Оның болжауынша, роботтың толықтай іске қосылуы үшін әлі 5-10 жыл уақыт қажет. 

Optimus 5 немесе 10 жылдан соң керемет көмекшіге айналады, - деді Илон Маск. 

Роботқа Tesla  әзірлеген аккумулятор батареялары қолданыдады. Оның денесіне чип жүйесі орнатылады. 

Америкалық кәсіпкер роботтың бағасы кем дегенде 20 мың долларды құрайды деп отыр. 

Роботты ойлап шығару туралы идея Маскке 2021 жылы тамыз айында келген. Робот 20 келі жүкті көтеріп, адамға күнделікті жұмыстарды атқаруға таптырмас көмекші болады деп сенеді. Тіпті, дүкенге тамақ алуға жұмсауға болады дейді.

Өзгелердің жаңалығы