Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Илон Маск байлығы 700 млрд доллардан асқан алғашқы адам атанды

Бүгiн, 07:13
195
Бөлісу:
 Andrew Harnik / Getty Images
Фото: Andrew Harnik / Getty Images

Америкалық кәсіпкер Илон Маск байлығы 700 миллиард доллардан асқан тарихтағы алғашқы адам болды. Бұл көрсеткіш 19 желтоқсанда тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Forbes журналына сілтеме жасап.

Масктың байлығы Делавэр штаты Жоғарғы сотының шешімінен кейін күрт өсті. Сот төменгі инстанцияның Tesla компаниясының акцияларына қатысты 139 миллиард долларлық опцион беру жөніндегі шешімін жойды. Осы шешімнен кейін миллиардердің жалпы байлығы рекордтық деңгейге жеткен.

Forbes дерегінше, қазіргі таңда әлемдегі екінші ең бай адам – Google компаниясының негізін қалаушы Ларри Пейдж, оның байлығы шамамен 253 миллиард долларды құрайды.

Бұған дейін, 15 желтоқсанда Forbes Илон Масктың байлығы 660 миллиард доллардан асқанын хабарлаған еді. Сонымен қатар SpaceX компаниясының нарықтық құны да айтарлықтай өсіп, бірнеше ай ішінде екі есеге жуық артқан.

Өзгелердің жаңалығы