Ілияс Оспанов: Қазақстан өнеркәсіп тауарлар саудасында айтарлықтай нәтижелерге жетіп отыр

11 Шілде 2023, 21:46
762
Бөлісу:
Ілияс Оспанов: Қазақстан өнеркәсіп тауарлар саудасында айтарлықтай нәтижелерге жетіп отыр
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

«Иннопром-2023» халықаралық көрмесінде «Жаһандық сын-қатерлер жағдайында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіп кооперациясы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған жиынға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов қатысты. Вице-министрдің айтуынша, мұндай ауқымды деңгейдегі іс-шаралар елдер арасындағы байланысты нығайтып, өнеркәсіп саласында жемісті әріптестік орнатуға септігін тигізеді.

Ілияс Оспанов: Қазақстан өнеркәсіп тауарлар саудасында айтарлықтай нәтижелерге жетіп отыр

Бұл көрме әр елден келген мыңдаған өндіруші мен бизнес өкілдерінің пікір алысып, маңызды келісімдер жасауға оң әсерін тигізген маңызды орынға айналды. Мұнда компаниялар өздерінің озық жетістіктерін көрсетіп, инновациялық шешімдер ұсынып, өнеркәсіп секторының дамуына ықпал ететін серіктестіктер құрып жатыр,-деді Ілияс Есетұлы.

Оның айтуынша, Қазақстан ШЫҰ елдерімен сауда-экономикалық қатынастарды белсенді дамытып, өнеркәсіпт тауарлар саудасында біршама нәтижеге қол жеткізіп отыр. Мәселен, былтыр Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы жиынтық тауар айналымы 19%-ға артқан.

Ілияс Оспанов: Қазақстан өнеркәсіп тауарлар саудасында айтарлықтай нәтижелерге жетіп отыр

Еліміз бен ШЫҰ арасында өнеркәсіп тауарлар саудасының ұлғаюы мүше мемлекеттер жасасқан өнеркәсіп кооперациясының өңірдің экономикалық дамуына жағымды әсер етінін жарқын дәлелі. Аталған ұйым еліміз үшін халықаралық ынтымақтастық саласында маңызды орын алады. Ұйымға төрағалық ету алдағы уақытта Қазақстанға берілетінін ескерсек, еліміз ШЫҰ-ның 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының жобасын әзірлегенін айта кетейік. Ол ортақ іс-қимылдың перспективалы салалары бойынша және нақты іс-қимылдарға бағытталған,- деді І.Оспанов.

Дәстүрлі «Иннопром» өнеркәсіп көрмесі бұл бағыттағы әріптестікті дамытудағы маңызды алаңдардың бірі саналады. Осы күнге дейін аталған көрме өнеркәсіптегі инновациялық шешімдер мен технологияларға басымдық берудің тиімді тетігіне айналды.

Ілияс Оспанов: Қазақстан өнеркәсіп тауарлар саудасында айтарлықтай нәтижелерге жетіп отыр

Дөңгелек үстелде шикізат жеткізу тізбегінің ашықтығы мен тұрақтылығын арттыру, тұрақты технологиялық даму және өнеркәсіпті цифрлы трансформациялау үшін ШЫҰ бірыңғай стандарттары мәселелері талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы