Іле өзенінде су деңгейі көтерілді

22 Ақпан 2024, 02:20
582
Бөлісу:
Іле өзенінде су деңгейі көтерілді
Фото: архив

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Іле өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 ақпан күні Іле өзенінің гидрологиялық бекетінде – 164 км қашықтықта, Қапшағай ГЭС-інен жоғары, бекеттен төмен мұздың кептелуі нәтижесінде су деңгейінің күрт жоғарылауы байқалған.

Су деңгейі 21 ақпанда, сағат 8.00-де 462 см-ді құрады, қыс мезгілінде сыни деңгейде су деңгейі – 500 см болады.

Алынған ақпараттың негізінде Іле өзенінің сағасындағы жағдайды көзбен шолып тексеру және бағалау үшін тиісті жерлерге жедел топ жіберілді. Тексеру нәтижелері бойынша, яғни елді мекендерге қауіп төнсе, қажетті шаралар қабылданатын болады. Шарын ауылының ең жақын елді мекені 15-20 км қашықтықта орналасқан. Бұл учаскеде тәулік бойы "Қазгидромет" РМК бақылау пункті жұмыс істейді, – деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы