Қазіргі кезде Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жолбарысты Қазақстанға қайтару бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына жұмыс сапарымен барды.
Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру жұмыстарымен «Жануарлар мен өсімдіктердің сирек түрлерін сақтау қоры» қоғамдық қорының басшысы Григорий Мазманянц қорық аумағына әкелінетін жолбарыстар үшін салынып жатқан қоршаулармен және оларды бақылау орталығымен таныстырды.
«Іле-Балқаш» табиғи қорығын өрт қауіпті маусымға дайындау бойынша жұмыстармен резерват директоры Қанат Қожабеков таныстырды.