Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында туристік маршруттан өту кезінде 2010 жылы туған жасөспірім құлау салдарынан басынан, қолынан, аяғынан жарақат алып, өздігінен түсе алмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы дереу оқиға орнына шығып, түнгі уақытқа қарамастан зардап шегушіні 15 және 16 жастағы үш досымен бірге тез тауып алды.
Мұқтаж адамға алғашқы көмек көрсеткен құтқарушылар таудан жас туристер тобын түсіріп, зардап шегушіні АМО қызметкерлеріне, ал қалған балаларды туыстарына аман-есен тапсырды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.