Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Іле Алатауында қар барысы, сілеусін және аю фототұзаққа түсіп қалды

29 Қазан 2025, 21:49
355
Бөлісу:
 Скриншот
Фото: Скриншот

Іле Алатауы ұлттық саябағында сирек кадр түсірілді. Фотоқақпанға бір соқпақ бойында Қызыл кітапқа енгізілген үш жыртқыш – қар барысы, түркістан сілеусіні және тяньшань қоңыр аюы қатар түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Саябақ мамандарының айтуынша, биыл қар барысы әдеттегіден төмен, шамамен 2000 метр биіктікке дейін түскен. Жыртқыш аумағын белгілеу сәтінде камераға іліккен.

Сол маңдағы басқа камералар сілеусін мен оның олжасы – құм қоянын да тіркеген. Бұл табиғи тепе-теңдік сақталып отырғанын білдіреді.

Экологтардың пікірінше, мұндай бірегей кадрлар Іле Алатауы экожүйесінің табиғи тұрақтылығының және бұл өңірдің сирек кездесетін жыртқыштар үшін сенімді баспана болып отырғанының айғағы.

Өзгелердің жаңалығы