Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ТЖД қызметкерлері Алматы қаласының тауларында, демалыс орындарында болатын өрт оқиғалары мен келтірілген шығын көлеміне тоқталып өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Спикерлерлер журналистердің сұрақтарына жауап беріп, парк маңайында демалуға арналған орындардың көбейгенін атап өтті.
Былтырғы жылы Іле Алатауының баурайында 10-нан астам өрт оқиғасы тіркелді. Жердің 10,5 бөлігіне зақым келді. Жалпы шығын 418 мың 900 теңгені құрайды. Оның 54 мың 500 теңгесі өрт оқиғасына тиесілі. Жалпы өрт оқиғаларын демалушылар өздері туындатады. Темекі тұқылдарынан немесе тамақ жасау кезінде өрт пайда болады. Осы орайда Іле-Алатау ұлттық паркінде Алмаарасан шатқалының аумағында ыстық тамақ дайындауға арналған арнайы жабдықталған 14 орын орындық, үстел, от жағуға арналған бетондалған алаң жасалды. Алдағы уақытта бұлардың санын арттырамыз деген жоспардамыз. Бұдан бөлек, Казачка өзені бойындағы 12 орындық бар. «Бутаковкада» 2 демалыс орыны бар екенін хабарлаймыз, – дейді « Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ орманды молықтыру және қалпына келтіру бөлімінің бастығы Райхан Мұхаметжанова.
Айта кету керек, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың аумақтарында және белгіленбеген жерлерде от жағу үшін Орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 367-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салуға уәкілетті, Жеке тұлғаларға айыппұл сомасы 10-нан 100 АЕК-ке дейін өзгереді.
Алматы қаласы ТЖ Департаменті өрттің алдын алу мақсатында түрлі жұмыстар атқаруда. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп құрғақ өсімдіктерді және минералданған жолақтарды құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазірдің өзінде жол бойында ұзындығы 10 км қалаға іргелес ашық аумақтар, сондай-ақ жалпы ауданы 15 га тұратын құрғақ өсімдік жамылғысы жүргізіліп жатыр. Департаментте кезекші ауысымда 13 адамнан тұратын табиғи өрттерді сөндіру үшін шұғыл жасақ құрылды, – дейді Алматы қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Данияр Жүсіпов.