Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі уақытша жабылады

Бөлісу:
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі уақытша жабылады
Фото: Талғар ауданының әкімдігі

Талғар өзенінің сол жақ бассейнінде орналасқан мұздық пен көлдің жағдайына мониторинг жүргізілмек, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Талғар ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына баруды уақытша шектеу туралы шешім қабылдады. Талғар өзенінің сол жақ бассейнінде орналасқан мұздық пен көлдің жағдайына мониторинг жүргізуге байланысты шектеу қойылды. Осылайша, Талғар, Кеңдала, Ақтас елді мекендері тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Қала тұрғындары мен қонақтарына, ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратты міндетті түрде назар аударуды сұраймыз,- дейді Талғар ауданының әкімдігі.


Аталған аймақты Төтенше жағдайлар қызметкерлері мен ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ мекемесі және Талғар ауданының әкімдігінің қызметкерлері бақылауда ұстайды.

Өзгелердің жаңалығы