Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есеп беру кездесуінде халықпенк ері байланыс орнату маңызды екенін айтты.
«Елбасы әрдайым халықпен кері байланысқа акцент қояды. Жыл басынан бері аудан әкімдері мен менің орынбасарларыммен 33 есептік кездесу өтті. Әрине, жеке кездесулер ең тиімді формат болмағандықтан сол себепті iKomek қызметін құрдық. Кез келген қала тұрғыны 109-ды теріп, проблемасы туралы хабарлай алады. Былтыр адамдар 1 млн рет жүгінген, оның барлығы 100% орындалды. Мұны қолданатын астаналықтар мен iKomek-тің жұмыс істеп тұруына жауап беретіндерге жарайсыздар деймін», - деді ол.
Ол әкімдік пен басқармалардағы ашық есік күндері, iKomek-ке жүгіну, тіпті әлеуметтік желілердегі қала тұрғындарының шағымдары жаңа әкім ретінде өзіне және командасынаң астаналықтарды жақсы түсінуге көмек болатынын жеткізді.
«Осылай біздің жұмысымыз туралы белсенді пікір білдіруді жалғастыра беріңіздер дегім келеді. Мұның тиімді болғанын қалаймын. Сіздердің пікірлеріңіз маған жетеді, мәселелер шешілетін болады. Әп сәтте емес. Жәй болса да әрбіріне жететін боламыз. Шешілмейтін мәселе жоқ», - деді Сұлтанов.