ІІМ: Жыл басынан бері 10 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болған

18 Қазан 2022, 12:10
1259
Бөлісу:
ІІМ: Жыл басынан бері 10 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болған
Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.   

Еліміздегі жолдарда азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау полиция органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады, оны іске асыру үшін жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық, практикалық және құқықтық шаралар кешені қабылданады. Жыл сайын 13 мың жол-көлік оқиғасы орын алуда. 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мың адам жарақат алды. Жалпы, соңғы 5 жылда апаттылықтың төмендеу динамикасы байқалады, - деп атап өтті комитет төрағасының орынбасары. 

Сондай-ақ ол жыл басынан бері орын алған жол-көлік оқиғаларына тоқталды. 

Биыл 10 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алдыОнда 1 716 адам қаза болып, 13 мыңнан астам адам әр түрлі дене жарақатын алған. Бұл жағдайдың негізгі себептерінің бірі – көлік жүргізу тәртібінің төмендігі. Қарапайым қағидаларды сақтау жолдағы тәуекелдердің алдын алуға көмектеседі. Есіңізде болсын, сіздің және айналадағы адамдардың қауіпсіздігі жолдағы тәртіпке байланысты! Қазіргі көлік түрлерінің үлкен жылдамдықпен жүруге техникалық мүмкіндігі жеткілікті. Әйтсе де, автокөлік бірден тоқтай алмайтынын ұмытпау керек, - деді ІІМ өкілі. 

Өзгелердің жаңалығы