Өткен аптада республика аумағында 2600-ден астам қылмыс жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.
Бір апта ішінде 2705 қылмыс жасалды, оның 1620-сы тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған өкіл.
Айтуынша, тәртіп сақшылары бірқатар қылмысты ізін суытпай әшкерелеген.
Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 1 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 29 тонау және 391 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.