ІІМ цифрлық криминалистикалық зертхананың мамандары қылмыстарды қалай ашып жатыр

8 Маусым 2023, 18:15
556
Бөлісу:
ІІМ цифрлық криминалистикалық зертхананың мамандары қылмыстарды қалай ашып жатыр
PHOTO
Фото: Polisia.kz

Қылмыскерлер өздерінің құқыққа қарсы іс-әрекеттерін әзірлеу, жасау және жасыру алаңы ретінде виртуалды әлемді жиірек қолдануда, дегенмен кез келген процесс өзінің ізін қалдырады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Цифрлық кеңістітегі барлық іс-қимыл көптеген із қалдырып отырады. Сол себепті Ішкі істер министрлігі жедел-криминалистикалық департаментінің базасында криминалистикалық цифрлық зертхананың пилоттық жобасын іске қосты.

ІІМ цифрлық криминалистикалық зертхананың мамандары қылмыстарды қалай ашып жатыр

Зертхана мамандары екі бағытта жұмыс істейді:

– бағдарламалық-аппараттық кешендерді пайдалана отырып, компьютерлік-техникалық зерттеулер жүргізу, бұл цифрлық іздермен жұмыс істеуге, оларды мобильдік құрылғылардан, бейнетіркеу және компьютерлік құралдардан, оның ішінде құрылғылардың жадынан жойылған деректерді, резервтік көшірме файлдарды (бұлтты деректерді) алуға мүмкіндік береді;

– биометриялық белгілер (видеобейнелерді талдау) бойынша жеке басты сәйкестендіруді пайдалана отырып, фото-видеобейнелер бойынша портреттік зерттеулер, бұл маманға автоматтық режимде құқық бұзушылық жасаған және сыртқы бақылау бейнекамераларына түсіп қалған адамдарды ІІМ дерекқорлары бойынша іздеуді және анықтауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ІІМ цифрлық криминалистикалық зертхананың мамандары қылмыстарды қалай ашып жатыр

Пилот іске қосылған сәттен бастап криминалистер қылмыстарды жасауға қатысы бар 275-тен астам адамды анықтады.

Осылайша, Астана қаласында алаяқтық фактісі бойынша Өзбекстан Республикасының азаматшасы СО автотұрағында 600 мың теңгеге АҚШ-қа виза ресімдеуге уәде берген белгісіз адам бойынша жүгінді.

Криминалистикалық есептер бойынша СО автотұрағынан алынған бейнежазбаны тексеру кезінде күдікті Р. жедел түрде анықталды және ұсталды. Осы факті бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы