ІІМ су тасқынының алдын алу шараларын хабарлады

10 Наурыз 2020, 13:14
1680
Бөлісу:
ІІМ су тасқынының алдын алу шараларын хабарлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер органдарынан 9 мың адам мен 1730 техника су тасқыны болған жағдайда көмекке дайын тұр.

2020 жылы су тасқынының алдын алу мақсатында 2019 жылдың күзінде өңірлерді 165 км болатын қорғаныс бөгеттерін салу мен жөндеу, су тасқыны бар өзендердің арналарын 375 км қашықтықта бекіту, түбін тереңдету, 156 км болатын су бұру арналарын салу, ұзындығы 6 мың км болатын 3513 арна, 4709 арық және 17 мың көлік, теміржол көпірлері астынан су өткізу құрылыстарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді, - деді ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Вице-министрдің айтуынша, 2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және оларды жою туралы жол картасы аясында, 3 жыл бойы су басқан 1046 елді мекеннің ішінен 437 елді мекенде су тасқынын болдырмау және 287 елді мекенде су басу қаупін азайту мүмкін болған. 
Су басуы ықтимал жерлерде тұратын азаматтарды эвакуациялауға арналған 1707 бекет әзірленді, маршруттар жаңартылды, қажетті көлік бөлінді. Эвакуацияланған халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін әкімдіктер қажетті құралдар: шатыр, төсек орындарды дайындады. Азық- түлік пен ауыз су қоры жасалды. Су тасқыны қиындап кеткен жағдайда жедел ден қою мақсатында ішкі істер органдарынан 9 мың адам және 1730 бірлік техникадан арнайы күштер мен құралдар топтамалары құрылды. Жекелеген өңірлерде су тасқыны жағдайы шиеленісуі мүмкін жағдайға қосымша көмек жіберу үшін ТЖК және Ұлттық ұланның аумақтық бөлімшелерінің күштері мен құралдарының резервтік топтары дайындалды, - деді Юрий Ильин.

Өзгелердің жаңалығы