Жасөспірімдер мен ересектер арасында өткізілген NOMAD MMA стиліндегі Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Иран, Пәкістан және Қырғызстаннан 750-ден астам спортшы қатысты. Қарағанды академиясының 2-ші курс курсанты Нұрасыл Каликанов NOMAD MMA Азия чемпионы атанды.
3-ші курс курсанты Алайдар Кұрбанбек үшінші орынды иеленді. Олардың жаттықтырушысы - доцент, полиция полковнигі Болат Күлтаев.